$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 300 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды – Еңбек министрлігі

Белсенді жұмыспен қамту шаралары жүргізілді

Қазақстанда 300 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды – Еңбек министрлігі
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылды. Жыл басынан бері 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналасты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Субсидияланатын жұмыс орындары

Мансап орталықтары арқылы 129,8 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді. Оның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындары – 11,5 мың адам;
  • жастар практикасы – 9,1 мың адам;
  • қоғамдық жұмыстар – 91,7 мың адам;
  • «Күміс жас» жобасы – 14,8 мың адам;
  • «Алғашқы жұмыс орны» – 2,6 мың адам;
  • «Ұрпақтар келісімшарты» – 90 адам.

Оқыту және дағдыларды дамыту

48,5 мың жұмыссыз еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқуға тартылды, оның 45,3 мыңы оқуды аяқтады.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 34,6 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, оның 19 мыңы сертификат алды.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша 4 610 адам кәсіби оқуға жіберілді, оның 834-і курсты бітірді.

Кәсіптік бағдарлау

Кәсіптік орталықтарда 224,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, мамандық таңдау бойынша кеңес алды.

Жұмысқа орналастыру бағыттары

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағытта жүзеге асады және нақты жұмысқа орналасу міндетті зейнетақы жарналарының түсуімен расталады.

2025 жылғы 1 тамыздағы дерек бойынша 292,2 мың адамның ішінде:

  • белсенді шаралар шеңберінде – 129,8 мың адам;
  • Электрондық еңбек биржасы арқылы – 86,2 мың адам;
  • «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша – 66,3 мың адам;
  • орталық мемлекеттік органдардың жобалары арқылы – 9,9 мың адам жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік осал топтарға қолдау

2025 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант бөлу жоспарланған.

Бірінші кезеңде 4,2 мың грант берілді. 11 тамыздан бастап «Business.Enbek» порталында екінші кезеңге өтінім қабылдау басталды.

Серіктес жаңалықтары