Төтенше жағдайлар министрлігі саңырауқұлақ терушілерге ескерту жасады
Саңырауқұлақ теретін мезгіл келді

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері саңырауқұлақ терушілерге қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Саңырауқұлаққа шыққан кезде жазатайым оқиғалардан болдырмау үшін ТЖМ мынадай сақтық шараларын алдын ала қарастыруды ұсынады:
- саңырауқұлақ теруге күндізгі уақытта барыңыз;
- белгілі маршрутпен ғана жүріңіз, жалғыз шықпаңыз;
- өзіңізбен бірге су, тамақ, жылы заттар, қажетті дәрі-дәрмектер, зарядталған батареясы бар телефон алыңыз;
- туыстарыңызға немесе таныстарыңызға орналасқан жеріңіз мен болжамды қозғалыс бағытын хабарлаңыз;
- қоңырау шалудың алдын-ала уақыты туралы келісіңіз;
- ашық түсті киім киіңіз.
Құтқарушылар егер төтенше жағдай болса, 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес берді.
Еске сала кетейік, көктемде Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен алты адамнан тұратын отбасы құтқарылған болатын. Балқаш ауданының тұрғындары жеңіл автокөлікпен орманға барған, алайда үйлеріне оралмаған. Жақындары олармен байланыса алмай, құтқару қызметіне жүгінген.
Іздестіру жұмыстары барысында отбасы табылды. Олар асуда лайға батып, жолдарын жалғастыра алмаған.