25.03.2025, 15:20
Жаңалықтар
Алматы облысында саңырауқұлақ теруге кеткен отбасы жоғалып кетті
Олардың көлігі таулы асуда лайға батып қалған
Фото: pixabay
Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен алты адамнан тұратын отбасы құтқарылды. Олардың көлігі таулы асуда лайға батып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Балқаш ауданының тұрғындары жеңіл автокөлікпен орманға барған, алайда үйлеріне оралмаған. Жақындары олармен байланыса алмай, құтқару қызметіне жүгінген.
«Іздестіру жұмыстары барысында отбасы табылды. Олар асуда лайға батып, жолдарын жалғастыра алмаған», – делінген хабарламада.
Құтқарушылар отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге жеткізді, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды