$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында 44 гектар аумақтағы құрғақ шөп өртенді

Өрт сөндіруді секундына 15 метрге жеткен екпінді жел қиындатты

Павлодар облысында 44 гектар аумақтағы құрғақ шөп өртенді
Фото: © istockphoto.com

Павлодар облысында құрғақ шөптің ірі өртке оранғаны туралы хабар 24 наурыз күні 13:31-де түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Тілсіз жау Қ. Қамзин ауылдық округіне қарасты Қарабай ауылының маңында өршіген.

«Оқиға орнына облыстық ТЖД күштері мен құралдары, Қ. Қамзин ауылдық округі әкімдігінің өрт сөндіру бекеті, Павлодар орман шаруашылығының қызметкерлері және ерікті өрт сөндірушілер жіберілді», – деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруді қиындатқан негізгі факторлар – кей жерлердің қолжетімсіздігі мен секундына 15 метрге жеткен екпінді жел болды.

Батпақты жерде жанған құрғақ шөп пен қамыс 22:57-де толықтай сөндірілді. Жалпы өрт 44 гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 28 адам мен 7 техника бірлігі жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары