$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары бұл жағдайды қалжыңға айналдырды

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болды, әншінің мойнына шегіртке шығып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда әнші сасқан жоқ, жәндікті қолымен алып тастап, әнін жалғастыра берді. Желі қолданушылары бұл жағдайды қалжыңға айналдырды.

«Шегіртке кештің жұлдызы болды. Дженниферді бәрі ұмытады, бірақ шегірткені есінен шығармайды», «Дженнифер Лопестің мойнында болған шегірткені 1 миллионға сатамын», «Қайта қарақұрт шақпаған екен», - деп жазып жатыр олар.

Дженнифер Лопес Алматы сахнасында

Бүгін Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы концерті өтіп жатыр. Әнші бұл турмен алғаш рет Қазақстанға келіп, әуелі Астанада өнер көрсетті. Енді жанкүйерлердің көптен күткен өтініші бойынша Алматыға табан тіреп отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше стадионда 20 мыңнан астам көрермен жиналған, олардың қатарында 35-тен аса елден келген мыңдаған шетелдік турист бар.

«Таңнан бері мерекелік көңіл-күй сезілді: көше әртістері мен көңілді маскоттар қонақтарды қарсы алып, қала қызметтері мен еріктілер тазалық пен тәртіпті сақтады», - деп жазылған хабарламада.

Ұйымдастырушылар, күзет, полиция және еріктілер барлық қонаққа жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, кешті шын мәнінде жарқын да ұмытылмас сәтке айналдырды.

Серіктес жаңалықтары