$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда отбасылы жігіт ірі көлемде мефедронмен ұсталды

Ол қамауға алынды

Талдықорғанда отбасылы жігіт ірі көлемде мефедронмен ұсталды
Фото: Жетісу облысы ПД

Талдықорғанда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 23 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіден бас-аяғы 223 грамм мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түнгі рейд кезінде ұсталды

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорған қаласында өткен түнгі жедел-профилактикалық іс-шара барысында есірткі қылмысына күдікті азамат қолға түсті.

Оның шалбарының қалтасынан көк изолентамен оралған үш дана Zip-Lock пакет табылып, ішінен ашық түсті ұнтақ зат тәркіленген.

Үйінен тағы 101 пакет табылды

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу барысында жатын бөлмедегі шкафта дәл сондай 101 дана Zip-Lock пакет табылды. Олар түрлі түсті изолентамен (көк, қара, сары, жасыл) оралған.

Жалпы саны – 104 күмәнді пакет. Барлығы бірдей ұнтақ затпен толтырылған.

Сараптама: мефедрон екені анықталды

Сараптама нәтижесінде бұл заттың мефедрон деп аталатын синтетикалық есірткі екені дәлелденді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы – 223 грамм.

Күдікті өзінің есірткі «жасырушы» ретінде жұмыс істегенін мойындады. Ол бұл «жұмысқа» Instagram арқылы тап болған. «Кураторымен» байланыс Telegram мессенджері арқылы жүзеге асқан.

Ол қала аумағында есірткі заттарын арнайы орындарға жасырып, әр «топтама» үшін 1300 теңге көлемінде ақы алып отырған.

Отбасылы, бірақ түрмеге қамалды

Тергеу барысында күдіктінің отбасылы екені анықталды – оның әйелі мен кәмелетке толмаған баласы бар. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ескерту: «Жасырын есірткі тасымалдау – ауыр қылмыс»

Интернет желісінде «оңай табыс» уәделеріне алданып қалмаңыздар. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, есірткі заттарын заңсыз тасымалдау немесе тарату — ауыр қылмыс. Мұндай әрекет үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары