09.08.2025, 04:18
Жаңалықтар
Алматының орталық көшелері жексенбі күні уақытша жабылады
Бұл Абайдың 180 жылдығына орай өтетін іс-шараларға байланысты болмақ
Фото: istockphoto.com
Алматыда 10 тамыз күні Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты Абай және Достық даңғылдарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жолдар сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік қозғалысы мына учаскелерде тоқтатылады:
- Абай даңғылы – Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
- Достық даңғылы – Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.
Әкімдік мәліметінше, ресми шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қозғалыс сызбаларындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, маршруттарын алдын ала жоспарлауы сұралады.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді