$ 542.29  629.54  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бес жыл құлдықта болған балалардың оқиғасы: ІІМ басшысы істі жеке бақылауына алды

Талас ауданында балаларды ұрып-соғу ісі ІІМ басшысының жеке бақылауында

Бес жыл құлдықта болған балалардың оқиғасы: ІІМ басшысы істі жеке бақылауына алды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының Талас ауданында екі баланы жүйелі түрде ұрып-соғып, құлдықта ұстау дерегі бойынша қылмыстық істі Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеке бақылауына алды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші балаларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталды. Ішкі істер министрі бұл істі жеке бақылауына алды», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

ІІМ-де балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстап, малшы еткен сұмдық іс ашылғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары