$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мастурбация жасаған такси жүргізушісі темір торға қамалды

Полиция оның кім екенін анықтады

Астанада мастурбация жасаған такси жүргізушісі темір торға қамалды
Фото: Видеодан скрин

Астанада көлік ішінде мастурбация жасаған такси жүргізушісі анықталып, темір торға қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне ресми түрде түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша құқық бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сот қаулысына сәйкес ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға шақырады. Қоғамдық орындардағы кез келген әдепсіз әрекет айналадағы адамдардың тыныштығын бұзады және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада Cobalt жүргізушісінің мастурбация жасаған видеосы тарағаны хабарланған болатын. Бұл – Астанада соңғы күндері болған екінші оқиға.

Ал оның алдында Астанада такси жүргізушісі бойжеткеннің көз алдында мастурбация жасағаны желіге таралған болатын.

Серіктес жаңалықтары