$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қайғылы оқиға: Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті (ВИДЕО)

Оның денесін құтқарушылар бір күннен кейін тапты

Қайғылы оқиға: Алакөлде жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Алакөлде сауық құрып жүрген жас жігіт жұрттың көз алдында суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиға 6 тамыз күні Абай облысының Мақаншы ауданы Кабанбай ауылының маңында, жағадан шамамен 500 метр қашықтықта болды.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, жасөспірімнің жалға алынған катерден құтқару кеудешесін кимей суға секіріп, батып кеткені туралы хабарлама түсті.

«Бүгін таңертең ТЖД сүңгуірлерінің қатысуымен жүргізілген суасты іздестіру жұмысы барысында, жағадан 500 метр жерде, 6 метр тереңдіктен жасөспірімнің денесі табылып, судан шығарылды.

Іздестіру жұмысына ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлері, 12 құтқарушы, оның ішінде сүңгуірлер, төрт жүзу құралы, эхолот және дрондар жұмылдырылды», – делінген ведомствоның агенттік тілшісіне берге пікірінде.

Серіктес жаңалықтары