$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада такси жүргізушісі бойжеткеннің көз алдында мастурбация жасаған (ВИДЕО)

Ол осы әрекеті үшін қамауға алынды

Астанада такси жүргізушісі бойжеткеннің көз алдында мастурбация жасаған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада такси жүргізушісі бойжеткен қыз баланың көз алдында мастурбация жасады. Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенске, жағымсыз оқиға 28 шілде күні күндіз болған. Бойжеткен анасымен бірге InDriver қосымшасы арқылы такси шақырып, «MEGA Silk Way» сауда орталығына бармақ болған. Жолда жүргізуші артқы айнамен қыз балаға қайта-қайта көз тастап, үрейлі әрекеттер жасаған.

«Ол маған айнадан қайта-қайта қарап тұрып, бір кезде оғаш әрекетке көшкенін түсіндім. Барлығы анық көрініп тұрды. Қатты қорқып қалдым. Анам жанымда отырды, бірақ ештеңені байқамады», – деді жәбірленуші.

Қыз баланың айтуынша, қиылыста жүргізуші есікті жаппақ болып, оғаш әрекет жасаған қолымен байқамағансып, аяғына тиген. Қауіптеніп, эмоциясын жасырып, жағдайды жасырын түрде видеоға түсіріп алған. Бұл материалдарды кейін полицияға дәлел ретінде тапсырған.

Сауда орталығына жеткен бойда қыз полиция шақырған. Құқық қорғау қызметкерлері дереу жетіп, қыз бен анасын бөлімшеге алып барған.

Кейін белгілі болғандай, күдікті – орта жастағы ер адам, жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, әйелі мен балалары бар. 29 шілдеде сот отырысы өтті. Онда айыпталушы кінәсін мойындап, отбасын алға тартып, кешірім сұрады. Алайда жәбірленуші бұл жай ғана моральдық қателік емес, қылмыс екенін, сондықтан лайықты жаза қолданылуы керектігін айтты.

«Мен бұл арызды тек өзім үшін ғана жазған жоқпын. Менің орнымда менен жасы кіші, өзін қорғай алмайтын қыз болуы мүмкін еді. Бұл жағдай жауапсыз қалмауы тиіс», – деді ол.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша құқық бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сот қаулысына сәйкес, ол 15 тәулікке қамауға алынды. Полиция азаматтарға қатысты кез келген заңсыз әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары