$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тұрғынынан алаяқтар қолданатын Sim-box құрылғысы табылды

Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы арнайы операция өткізді

Алматы тұрғынынан алаяқтар қолданатын Sim-box құрылғысы табылды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы қаласында полиция киберқылмыспен күрес бағытында кезекті заңбұзушылықтың жолын кесті. Алматы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы Ішкі істер министрлігі және Солтүстік Қазақстан облысы полициясымен бірлесіп арнайы операция жүргізіп, интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған Sim-box құрылғысын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жас жігіт криптовалюта үшін фишингтік схемамен айналысқан

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-трафикті заңсыз бағыттап, бірнеше сим-картаны пайдалану арқылы алаяқтық желіні ұйымдастырған жас азамат ұсталды. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол жабық интернет-қоғамдастықтан арнайы нұсқаулар алып, криптовалюта түрінде ақы алып отырған.

Sim-box арқылы жасалатын қулықтар: нөмір жасыру мен жалған хабарламалар

Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев бұл құрылғылардың қауіпін түсіндірді:

«Sim-box – алаяқтар жиі қолданатын техникалық әдістердің бірі. Бұл құрылғылар арқылы нөмірді жасырып, қоңырауларды бұрмалап, фишингтік хабарламаларды жаппай таратуға болады. Мұндай әрекеттер адамдарды шатастырып, өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырған алаяқтарға жеке деректерді еркін беруге себеп болады. Бұл – біз күн сайын күресіп жатқан маңызды қауіптердің бірі», – дейді.

Қылмыстық топтың өзге мүшелері іздестірілуде

Қазіргі таңда тәркіленген құрылғы бойынша тексеру жалғасуда. Сонымен қатар, қылмыстық схемамен байланысты басқа адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға үндеу жасады

Полиция қазақстандықтарды келесі қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады:

  • Жеке деректерді ешқашан телефон арқылы жария етпеңіздер;
  • Бейтаныс қоңырау шалушыларға сенбеңіздер, әсіресе олар банк немесе полиция атынан хабарласса;
  • Күмәнді жағдай туындаса – «102» нөміріне бірден хабарласыңыздар.
Серіктес жаңалықтары