$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент тұрғыны әтеш төбелестіремін деп соттан бір-ақ шықты

Оған қатысты сот шешімі шықты

Шымкент тұрғыны әтеш төбелестіремін деп соттан бір-ақ шықты
Фото: freepik.com

Шымкентте жергілікті тұрғын рұқсат құжаттарынсыз әтеш төбелесін өткізуге арналған алаң ұйымдастырған. Алайда ол құмар ойындарға адамдарды тартқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімшілік іс қаралды

Сотта оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі «Құмар ойындарына қатысу, тарту немесе жол беру» бабы бойынша іс қаралды.

Сот мәліметінше, 2025 жылдың 15 маусымында Шымкент қаласында белгісіз орында, ешқандай рұқсатсыз, әтеш төбелесін өткізу үшін арнайы алаң жасақтаған. Оның кінәсі құқық бұзушылық хаттамасымен, куәгерлердің түсініктемесімен және оқиға орнындағы бейнежазбамен дәлелденді.

Ол кінәсін мойындады

Сот барысында өз кінәсін толық мойындап, заң талаптарын білмегенін, енді мұндай заңсыз әрекеттерді қайталамайтынын айтып, қатаң жаза қолданбауды сұраған.

Айыппұл мен мүлікті тәркілеу

Сот оны кінәлі деп танып, оған 550 480 теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар ойын құралдары, ақша, заттар және басқа да заттар тәркіленетін болды.

Серіктес жаңалықтары