06.08.2025, 02:41
Жаңалықтар
Алматы облысының Көлсай көлдері маңында екі жасар бала жоғалып кетті
Оқиға Кеген ауданы аумағында болды
Фото: ҚР ТЖМ
Алматы облысының ТЖД 112 басқару пультіне 2023 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Кеген ауданы аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк – «Көлсай көлдері» таулы аймағында болды.
Іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымынан механикаландырылған патруль жөнелтілді.
Жедел іздестіру жұмысының нәтижесінде бала табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді, ата-анасына аман-есен тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді:
- таулы аймақта қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз және балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
