$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Сайқын ауылындағы мал ұрлығына қатысты топ құрықталды

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ мәліметінше, қылмыстық топ 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың маусым айына дейінгі аралықта еркін жайылымнан 49 бас ірі қара мал ұрлаған. Материалдық шығын көлемі шамамен 20 миллион теңгені құраған.

Тергеу барысында төрт дерек расталды

Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдіктілердің мал ұрлығына қатысты кемінде төрт дерекке қатысы бары анықталды. Қазір төрт адам қамауға алынып, алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мал ұрлығына қарсы күрес жалғасуда

Ішкі істер министрлігі Президент тапсырмасы аясында мал ұрлығына қарсы күреске бағытталған жүйелі және кешенді шараларды жалғастырып жатыр.

  • 2025 жылдың алғашқы жеті айында республика бойынша 55 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды;
  • Соңғы бес жылда мал ұрлығы бойынша қылмыстардың жалпы саны 59,2%-ға төмендегені тіркелді.
Серіктес жаңалықтары