$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да әкім экология талаптарын бұзғаны үшін жазаланды

Ағаш отырғызу көлемі белгіленген нормадан 8 мың данаға кем көрсетілген

СҚО-да әкім экология талаптарын бұзғаны үшін жазаланды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында көшеттерді заңсыз алу фактісі бойынша Мамлүт қаласының әкімі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамлүт қаласының әкімі Асқар Оразалинов тәртіптік жазаға тартылды. Қалалық әкімдік тарапынан көшеттер рұқсатсыз алынған. Бұл жайтты экологиялық прокуратура тексеріс барысында анықтады.

Тексеру нәтижесінде белгілі болған фактілер:

  • Ағаш отырғызу көлемі белгіленген нормадан 8 мың данаға кем көрсетілген;
  • Ағаш отырғызу мерзімдері бұзылған;
  • Келтірілген залалды есептеу кезінде ескі тәсілдер қолданылған;
  • Кәсіпкерлер 730 түп ағаш отырғызу жөніндегі міндеттемесін орындамаған, ал жауапты шенеуніктер бұған көз жұмған.

Аталған іс бойынша барлығы 4 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Олардың қатарында Мамлүт қаласының әкімі мен Петропавл қаласы ТКШ бөлімінің басшысы бар. Кәсіпкерлердің бірі 300 түп ағаш отырғызып үлгерсе, қалғандарына қатысты сотқа дейінгі мәжбүрлеу шаралары жүріп жатыр.

Прокурордың талаптарын елемегені үшін Петропавл әкімдігіндегі бір лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары