Қазақстанда қыздармен танысқысы келген такси жүргізушілері ауыр жазаланатын болды
Таксидегі таныстық түрмеге апаруы мүмкін

inDrive компаниясының басшысы Арсен Томский жуырда Астанада болған оқиғадан кейін әйелдер қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар қолға алынаты туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпкердің айтуынша Қазақстанда, өкінішке қарай, өмірдің түрлі салаларында әйелдер мен қыздарға қатысты харассмент әлі де жиі кездеседі.
«Жыл сайын ондаған түрлі сипаттағы оқиғалар тіркеліп жатады, соның ішінде түрлі такси қызметтері мен агрегаторларында да болады. Бұл мәселе, өкінішке қарай, inDrive платформасында да кездесті.
inDrive компаниясының негізін қалаушысы әрі бас директоры ретінде мен үшін, екі қыздың әкесі ретінде әйелдердің қауіпсіздігі мен құқықтары – жеке өмірлік ұстаным. Менің өмірімдегі ең жақын, ең сүйікті адамдар – әйелдер. Сондықтан бұл мәселе мен үшін өте маңызды.
Біз әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған бірқатар жобаларды қолдаймыз. Олардың қатарында Aurora Tech Award және Mother’s Home International сияқты бастамалар бар», – дейді Арсен Томский.
Ол сөзін жалғай отырып, 2025 жылдың маусым айында біз ЕҚЫҰ-мен бірлесіп, жолаушыларға қауіпсіз және құрметпен қарауды үйрететін пилоттық жобаны іске асырдық, ол жақсы нәтиже көрсетті, енді бұл бағдарламаны барлық жүргізушіге енгізілу басталатынын қозғап өтті.
inDrive қосымшасында қауіпсіздік орталығы жұмыс істейді. Онда:
- Төтенше қызметтерге бір батырмамен қоңырау шалу,
- Маршрутпен бөлісу,
- Шұғыл байланыс нөмірін қосу сияқты функциялар бар.
Жаңа мүмкіндіктер үнемі қосылып отырады.
«Бүгіннен бастап, біз өз саясатымызды қатаңдатамыз. Енді танысуға әрекеттенудің өзі – қарулы шабуылмен тең дәрежедегі ерекше оқиға ретінде қарастырылады. Мұндай оқиғалар, өкінішке қарай, Латын Америкасында кездескен жағдайлардан кейін енгізілген.
Мен жеке өзім және компания ресурстарын Қазақстандағы жағдайды өзгертуге бағыттаймын. Әйелдерге қатысты кемсітушілік өмірдің көптеген саласына дендеп енген.
Сондықтан біз ауқымды ақпараттық және GR-кампанияны бастаймыз: харассмент пен кемсітушілікке қарсы заңнамалық өзгерістерді лоббилеу, қоғамның әйелдерге деген қатынасын түбегейлі өзгерту – такси қызметінен бастап көшелер мен жұмыс орындарына дейін.
Бұл – inDrive миссиясының және менің жеке миссиямның ажырамас бөлігі. Біз қоғамдағы әділетсіздікпен күресіп, қауіпсіз әрі әділ орта қалыптастыруды көздейміз», – деп сөзін қорытындылады.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада inDrive такси қызметінің жүргізушісі бойжеткеннің көз алдында мастурбация жасағаны хабарланған болатын.