$ 542.29  629.54  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да «Ресей темір жолдары» компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр

Оларға қатысты бағаны негізсіз көтеру бойынша шағым түсті

СҚО-да «Ресей темір жолдары» компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысында «Ресей темір жолдары» филиалына қатысты тергеу басталды. Бұған метрологиялық қызметтерге бағаның негізсіз көтерілгені себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (АЗРК) сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент вагондарға арналған электрондық таразыларды метрологиялық қызмет көрсету, яғни тексеру үшін бақылау жүгін ұсыну қызметі нарығына жоспардан тыс талдау жүргізген. Талдау 2024 жыл мен 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларын қамтыды.

Тексеруге себеп болған – «Agrimer Mamlutka» компаниясының өтініші. Ол «Ресей темір жолдары» компаниясының филиалы Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі тарапынан қызмет бағасының өсуіне наразы болған.

«Өтінішке сәйкес, осы жылдың қаңтарынан бастап қызмет құны 9,5%-ға өсіп, ҚҚС-мен бірге 845 261,76 теңгеге жеткен. Ал Қазақстанның басқа өңірлерінде осындай қызметтің орташа бағасы – шамамен 391 000 теңге көлемінде», – деп хабарлады агенттік.

Аталған талдау нәтижесінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері – монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі анықталған. Бұл ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1-тармағына сәйкес келеді.

Осыған байланысты монополияға қарсы тергеу басталды. Тергеу мерзімі үш айдан бес айға дейін созылады.

Серіктес жаңалықтары