$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Хуторлықтар» қылмыстық тобының ықтимал жетекшісіне қатысты іс сотқа жіберілді

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс тергеліп бітті

«Хуторлықтар» қылмыстық тобының ықтимал жетекшісіне қатысты іс сотқа жіберілді
Фото: Instagram/Хасан Касымбаев

Алматы облысының прокуратурасы хабарлағандай, «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың ықтимал жетекшісі Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы Х.Қасымбаев пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, 2025 жылғы 21 шілдеде істі айыптау актісімен облыстық прокуратураға жолдады. Облыс прокуратурасы 2025 жылғы 29 шілдеде айыптау актісін бекітіп, істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жолдады», – деп хабарлады ведомство.

Өңірлік прокуратура өкілдерінің айтуынша, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары