$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ер адам көлігінің жүк салғышына әйел адамды күштеп салып, алып кетті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде көлік жүк салғышында жатқан әйелдің видеосы тарады

Астанада ер адам көлігінің жүк салғышына әйел адамды күштеп салып, алып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада ер адам көлігінің жүк салғышына әйел адамды күштеп салып алғаны туралы видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Instagram желісіндегі Astana_brothers парақшасында жарияланған видеода ер адам көлігінің жүк салғышын ашқанда әйел адамның жатқанын байқауға болады. Олар сөзге келіп қалғаны, алайда кейін жүргізуші жүк салғышты қайта жауып, әйел адам іште қалған күйі көлікті айдап кеткені көрінеді.

Астана қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот бұл құқықбұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарды. Қазіргі уақытта құқықбұзушы әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау орнына орналастырылды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары