$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жеңгеме ұқсап қалды»: Астана тұрғыны Джей Лоға қамзол кигізді

Дженнифер Лопес Астанада концерт берді

«Жеңгеме ұқсап қалды»: Астана тұрғыны Джей Лоға қамзол кигізді
Фото: instagram.com/dinmukhammed

Астанада концерт берген америкалық әнші Дженнифер Лопеске қазақтың ұлттық киімі сыйға берілді. Бұл туралы желі қолданушысы Дінмұхаммед Сыздықов жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдыздарға шапан кигізуші

Дінмұхаммед Сыздықов өз парақшасының сипаттамасында «жұлдыздарға шапан кигіземін» деп жазған. Оның соңғы жарияланымына қарағанда, ол атақты әнші Дженнифер Лопеске қазақтың ұлттық камзолын кигізген.

«Джей Лоға қазақ камзолын кигіздім. Қолмен тігілген әдемі жұмыс, Дженниферге қатты ұнады», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының жылы пікірі

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа ерекше қуанып, пікір қалдырды:

«Дженниферге жарасады екен», «Керемет!», «Бір қарағанда жеңгеме ұқсап қалды», «Тамаша жұмыс», «Жалаңаш келген Джей Лоны киіндіріп жібергеніңізге рақмет», «Рахмет! Қазақтардың атынан шапан кидіргенің өте қуанышты!» – деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары