Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін жалғасады

Елорда тұрғындарына Сығанақ көшесінде қозғалыс шектелетіні ескертілді. Жөндеу жұмыстары 3 тамызда басталды және 25 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай аумақтар жабылады?
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстары Арыс көпірі мен Түркістан көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.
«Жөндеу жұмыстары Арыс көпірінің үстімен де жүргізіледі. Осыған байланысты көрсетілген учаскеде қозғалыс 25 тамызға дейін ішінара шектеледі», – делінген ресми хабарламада.
Қозғалыс қалай ұйымдастырылады?
Жол жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы келесідей ұйымдастырылады:
- Қозғалыс кезең-кезеңімен реттеледі
- Екі бағытта да көліктер тек бір жағымен жүреді
- Уақытша белгілер мен бағыттаушы кедергілер қойылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдын ала маршруттарын жоспарлап, көрсетілген учаскелерден айналып өту ұсынылады.
Тұрғындарға ескерту
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
«Инфрақұрылымды жаңғырту – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін атқарылып жатқан жұмыс. Қолайсыздықтар уақытша», – дейді жауапты басқарма өкілдері.