Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада 4 медаль алды
Қазақстан құрамасы Боливияда өткен IOI-2025 байқауында жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар Боливияның Сукре қаласында өткен халықаралық информатика олимпиадасында (IOI-2025) үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық дода екі турдан тұрды. Байқау нәтижесі бойынша мына оқушылар жүлдегер атанды:
- Максим Цой – Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы – күміс медаль
- Мансур Мамадахунов – Қызылорда облысындағы БИЛ-дің 10-сынып оқушысы – күміс медаль
- Әкежан Асқар – Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы – күміс медаль
- Даужан Бекетов – Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы – қола медаль.
Ұлттық құраманың дайындығы қалай өтті?
Қазақстан командасының жаттықтырушылары:
- Темірлан Қайртұлы Сатылханов – Astana IT University
- Айбар Мұратұлы Қуанышбай – IITU (Халықаралық IT университеті)
Ұлттық құраманы халықаралық олимпиадаға дайындау және үйлестіру жұмыстарын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүргізді.
«Оқушыларымыздың халықаралық білім аренасында осындай нәтижелер көрсетуі – еліміздің білім беру жүйесінің әлеуетін көрсетеді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Олимпиадалық маусымда бірқатар жетістік тіркелді
2025 жыл Қазақстан үшін сәтті олимпиадалық маусым болды. Қазақстандық оқушылар бірнеше халықаралық пәндік олимпиадаларда табысты өнер көрсетті:
- IChO – Химия
- IMO – Математика
- IPhO – Физика
- IBO – Биология
- IGeO – География
- IOL – Лингвистика
- IOI – Информатика
Биылғы IOI-2025 олимпиадасы Қазақстанның білім саласындағы халықаралық беделін тағы бір рет айқындады.