Түрмеге тыйым салынған заттар алып кірмек болған 400-ге жуық әрекет әшкереленді
Астанада тергеу изоляторында телефонды аяқ киімнің табанына жасырып өткізбек болған

Астанадағы тергеу изоляторында айыпталушының анасы – қоғамдық қорғаушы ретінде келген әйел – ұлына ұялы телефонды жасырын жеткізбек болған. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мобильді құрылғы әйелдің аяқ киімінің табанына жасырып салынған. Оқиға видеобақылау камералары арқылы анықталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жіберілді.
Павлодар мен Қызылордада да ұқсас жағдай тіркелді
Қылмыстық-атқару мекемелерінде тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеттерібасқа өңірлерде де тіркелген:
- Павлодарда – торттың ішіне жасырылған телефон, қуаттағыш құрылғы және құлаққапанықталды. Бұл заттар 39 жастағы тергеу астындағы азаматқа арналған. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша хаттама толтырылды.
- Қызылордада – шаруашылық сабынының ішінен ұялы телефон табылды.
«Келуші азаматтарға тыйым салынған заттарды алып кіру жауапкершілігі түсіндіріледі. Қазір барлық мекемелерде рентген-аппараттар орнатылған. Бұл құрылғылар телефон, есірткі мен психобелсенді заттарды анықтауға мүмкіндік береді. Тексеруден барлық адам өтеді», – деді ҚАЖК-нің режим, қадағалау және күзет басқармасының басшысы Берік Байкенов.
Биыл 58 литр алкоголь мен 10 келіден астам есірткі тәркіленді
2025 жылдың басынан бері:
- 346 ұялы телефонды өткізу әрекеті тоқтатылды
- 58 литрден астам алкогольдік ішімдік тәркіленді
- 10 келіден астам есірткі мен психобелсенді заттар анықталды
- 128 азамат жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық қорғаушылар мен адвокаттар бар.
Қазіргі таңда 20-дан астам іс қаралуда.
Бекітілген қауіпсіздік шаралары
Түрмелер мен тергеу изоляторларында келесідей қауіпсіздік жүйесі қолданылады:
- Рентген-телевизиялық сканерлер
- Металл детектор рамкалары
- Жеке тексеру жүргізу
- Бейнебақылау жүйесі.