ЛГБТ-ны насихаттағандарды қылмыстық жауапқа тарту керек: Жаңбыршин заң жобасын әзірлеуді ұсынды
Ол заңды үкімет және ғылыми сарапшылармен бірлесе әзірлеу керек дейді

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны насихаттау бойынша Парламентте заң әзірлеу керегін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Женева декларациясындағы әйелдің құқығын, отбасы құндылықтарын қорғау негізінде біз өзіміздің құқықтарымызды қорғауымыз керек. АҚШ демократиялы ел, заңдық негіз болмаса, Трамп әйел мен ерді тану жөніндегі гендерлік заңға қол қоймас еді. Оны Женева конвенциясы аясында қабылдады»,- дейді депутат.
Жаңбыршин атағандай, ол үшін толық заңдық негіз бар.
«Біз Парламентте үкіметпен, сарапшылармен бірлесіп, заң негізінде норма жасап, ЛГБТ-ны насихаттауға барлық жерге тыйым салуымыз керек. Ол үшін тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік қарастыруымыз керек»,- деді Жаңбыршин.