$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада әйел адамның үйінен жарты келіден астам гашиш табылды

Жатын бөлмеден өсімдік тектес зат салынған 11 орама, ал дәлізден осындай зат салынған тағы 6 түйіншек табыл

Астанада әйел адамның үйінен жарты келіден астам гашиш табылды
Фото: Астана ПД

Астана қаласының полицейлері 57 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі сақтады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, күдікті көпқабатты тұрғын үйдің подъезінде қолға түсті. Оның тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында жатын бөлмеден өсімдік тектес зат салынған 11 орама, ал дәлізден осындай зат салынған тағы 6 түйіншек табылып, тәркіленді. Жалпы салмағы 800 грамнан асады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан «гашиш» есірткі затын алып шықты. Сараптама нәтижесі бойынша бұл зат есірткі деп танылған.

«Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткіні жеке тұтыну үшін сақтағанын айтқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды есірткі құралдарына байланысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қатаң ескертеді», – делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары