$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Басқаларға қызығатынмын»: Әнші Балжан Бидаш тұрмыста еркін өмір сүре алмағанын айтты

Өнерпаздың бұл пікірі желіде қызу талқыға түсті

«Басқаларға қызығатынмын»: Әнші Балжан Бидаш тұрмыста еркін өмір сүре алмағанын айтты
Фото: Instagram/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш журналист Әйгерім Есенәліге берген сұхбатында Жахан Отарғалиевке тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі өзі ойлағандай болмағанын астарлап жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол таяуда АҚШ-қа барып келгенін, енді Мальдив аралдарына баруға дайындалып жатқанын атап өтті.

«Бір кездері осы еркіндікті аңсадым. Әке-шешем өте еркін өсірді. Екі ағамның ортасында еркелеп өстім. Ал үлкен өмірге қадам басқан кезде ешкім сенің өміріңе билік етуге құқығы жоқ. Менен үміт күтіп отыр, солардың үмітін ақтауым керек. Үйдің терезесінен қарап, көшеде кетіп бара жатқан әйел адамға қызығып, «қандай бақытты, еркін кетіп бара жатыр» деп ойлаған кездерім болды. Сол күндерді есіме түсіріп, осы өміріме шүкіршілік айтамын», - дейді әнші.

Балжан Бидаштың бұл пікірі желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік оның отбасылық өмірге дайын болмағанын жазып жатыр.

«Күйеуге шықпай тұрып осының бәрін ойлауың керек еді ғой», «Мынау не айтып отыр?!», «Күйеуге шығып алып, еркіндікті аңсадым дегені қызық екен», «Олай еркіндікті аңсайтын болсаңдар жұртты босқа әуре қылмаңдар», - деп жазып жатыр олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балжан Бидаш Ақтауға барған сапарында қала тұрғынының арманын орындағанын айтты. Жас ана хат жолдап, қызының тұсауын кесіп беруін өтінген. Балжан Бидаш оның сөзін жерге тастамай, мейрамханада кездесіп тұсауын кесіп берген.

Серіктес жаңалықтары