$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші сотталды

Сот оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті

Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші сотталды
Фото: pixabay

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жолаушыны қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаяу жүргіншіні «зебрада» қаққан

Соттың мәліметінше 2025 жылдың 27 мамырында «DAEWOO NEXIA» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Шымкент қаласындағы Берді Қожа батыр көшесінде жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен, жәбірленуші көз жұмды.  

«Жүргізуші Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі  (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу арқылы абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша айыпталған», - деп жазылған хабарламада.

 Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, жеңіл жаза кесуді сұрады.

Сот қандай жаза кесті

Сот сотталушының істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және асырауында жас балаларының болуын қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Іс бойынша оның жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

«Сот Ш.-ны Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті», - деп жазылған хабарламада.

Іс бойынша талап арыз ішінара қанағаттандырылды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары