28.07.2025, 16:38
Жаңалықтар
Доллар құны төмендеді: Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы жарияланды
KASE-де доллар 3,5 теңгеге арзандады
Фото: freepik.com
2025 жылғы 27 шілдеде өткен күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 541,45 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 3,5 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің ресми бағамы
Қазақстан Ұлттық банкінің 2025 жылғы 28 шілдеге арналған ресми бағамы – 544,87 теңге. Бұл KASE-дегі бағамнан біршама жоғары.
Айырбастау пунктеріндегі қазіргі жағдай
Kurs.kz сайтының мәліметінше:
- Алматы қаласында доллардың орташа:
- сатып алу бағамы – 540,49 теңге
- сату бағамы – 545,67 теңге
- Астанада:
- сатып алу – 540,53 теңге
- сату – 547,53 теңге
Айырбастау пункттеріндегі сату бағамы кейбір жағдайларда ресми бағамнан жоғары болып отыр.
Апта ішіндегі доллар бағамының ауытқуы
Соңғы бірнеше күн ішінде доллар бағамы былайша өзгерді:
- 21 шілде – 3,89 теңгеге төмендеді
- 22 шілде – 2,37 теңгеге көтерілді
- 23 шілде – 6,21 теңгеге көтерілді
- 24 шілде – 3,29 теңгеге көтерілді
- 25 шілде – 2,79 теңгеге көтерілді
- 27 шілде – 3,5 теңгеге төмендеді
Бұл өзгерістер ішкі нарықтағы құбылмалылық пен сыртқы факторларға байланысты болып отыр.
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 11:08
«Әке, сіз салып берген сара жолмен жүріп келеміз»: Амангелді Сейітханның ұлы матч жүргізіп, елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)