$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда мефедрон есірткісін сатқан күдіктілер ұсталды

Заңсыз айналым анықталды

Алматыда мефедрон есірткісін сатқан күдіктілер ұсталды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мефедрон атты психотроптық заттың заңсыз айналымы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктілер ұсталып, есірткі заттары тәркіленді

Қаланың бір ауданында ер адам тоқтатылып, жеке тінту кезінде психотроптық затқа ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл заттың мефедрон екені ресми түрде расталды.

Жедел шаралар жалғасын тауып, екінші күдікті Алматы облысында арнайы жасақтың қолдауымен ұсталды. Оның үйін тінту кезінде электронды құрылғылар мен психотроптық заттар тәркіленді.

Тергеу амалдары жүріп жатыр

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы бойынша қосымша ақпараттар кейінірек хабарланатын болады.

Серіктес жаңалықтары