Көкшетаулық құтқарушы өрт сөндіру көлігінің үстіне шығып, сүйіктісіне ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Ол сүйіктісін экскурсия жасауға шақырған
Көкшетау қаласындағы №1 арнайы өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Никита Афанасьев сүйіктісі Ангелинаға есте қаларлық әрі ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бойжеткенді өрт сөндіру бөліміне экскурсияға шақырып, сол жерден сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады.
Өрт сөндіру шлангтарымен жазылған сөз
Экскурсияның кульминациялық сәтінде бөлімшенің алаңында өрт сөндіру шлангтарымен «Маған тұрмысқа шықшы» деген жазу пайда болды. Бұл әсерлі сәтті әріптестерімен бірге ұйымдастырған Никита сүйіктісін таңғалдырды. Ангелина көз жасына ерік беріп, қуанышпен «иә» деп жауап берді.
Махаббат пен қызмет қатар жүрген сәт
Ұсыныстан кейін Никита жеке өміріндегі қуанышты сәтке қарамастан, бірден өз міндетіне оралып, қызметін жалғастырды. Бұл оның кәсіби борышына деген адалдығын көрсетеді.