Астанада бойжеткен тасбақасын жіпке байлап серуендетемін деп жұртты күлдірді
Көшеде серуендеген ерекше үй жануары жұртты таңғалдырды

Астанада бойжеткеннің қарғыбауға байланған тасбақасын серуендетіп жүрген сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде қызу талқыланған видео
Куәгер түсірген бейнежазба Astanovka98 Telegram-арнасында жарияланды. Видеомен бірге: «Қыз тасбақаны серуендетіп жүр. Бұл сәтті шұғыл таратыңдар!» – деген жазба қоса берілген.
Пайдаланушылардың пікірі екіге жарылды
Кей қолданушылар бұл сәтті «ерекше және сүйкімді сәт» десе, енді біреулері үй жануарын далада серуендетудің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Дегенмен, көпшілігі тасбақаның жайбарақат қозғалысын қызығушылықпен бақылаған.
«Жылдамдығы менің интернетіммен бірдей екен», «Сүйкімді екен», «Шөптің үстіне серуендету керек қой», «Асфальттың үстіне неліктен серуендетті екен», –деп жазды желі қолданушылары.