Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК мамандары бірқатар өңірге ескерту жариялады

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада найзағай, күшті жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе мен Алматы облыстарында найзағай болжанады.
Ақтау мен Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында найзағай, шаңды дауыл, күшті жел және 40-43 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.
Атырау, Ақмола және Қарағанды облыстарында найзағай, қатты жел және жоғары өрт қаупі болжанады.
Оралда, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай, жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Ұлытау және Түркістан облыстарында қатты жел, 40-42 градусқа дейін аптап ыстық және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.