42 градус ыстық: 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» ел өңірлеріне арналған ауа райы болжамын жария етті

Синоптиктер 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті. Астанада, Алматыда, Шымкентте және 16 өңірде найзағай, аптап, шаңды дауыл мен жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі сақталады.
Ақмола облысында – найзағай. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында – найзағай мен бұршақ. Түнде және таңертең – тұман. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін.
Қостанай облысында – найзағай. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. +35°С-қа дейінгі аптап ыстық болады.
Қарағанды облысында жел 20 м/с-қа дейін күшейеді, өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Павлодар облысында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз жел 20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары.
Абай облысында – шаңды дауыл. Жел екпіні – 20 м/с. Семейде – өрт қаупінің деңгейі жоғары.
Алматы облысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Алматыда күндіз 35-36°С аптап ыстық күтіледі.
Жетісу облысында жел екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +36°С ыстық. 23-28 шілде аралығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысында – жел 25 м/с-қа дейін. Күндіз +39 градус ыстық. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Түркістан облысында – шаңды дауыл. Таулы және жазық жерлерде – жел 20 м/с-қа дейін. Шымкент пен Түркістанда +41°С аптап, шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі. Өрт қаупі төтенше деңгейде.
Қызылорда облысында – шаңды дауыл. Жел екпіні – 20 м/с. Күндізгі температура +42°С-қа дейін.
Ақтөбе облысында – найзағай. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін. +40°С аптап ыстық болады.
Атырау облысында – найзағай. Жел екпіні – 20 м/с-қа дейін. +39°С ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында – найзағай. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін. +36°С ыстық.
Маңғыстау облысында – шаңды дауыл. Жел екпіні – 15 м/с-қа дейін. Ақтауда – өрт қаупі төтенше деңгейде.