15.06.2020, 18:43
Жаңалықтар
Алматыда карантин шаралары қайта күшейтілді
Той-жиын өткізуге қатаң тыйым салынған
Әсет Құндақбаев
Алматыда COVID-19 вирусының қайта өршуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Айта кетейік, қалада коронавирус жұқтырғандар саны 3113 адамды құрады. Сонымен қатар, ауру симптомы жоқ тағы 813 адам тіркелген. Осыған байланысты адам көп жиналатын орындардың жұмысына тағы да шектеу қойылатын болды. Атап айтқанда...
- Базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
- Сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
- Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.
- Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.
- Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
- Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.
- ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі тиіс.
- Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.
Көп оқылған
18.05.2026, 15:28
«Далаға тастап кетпейсің ғой?»: Маңғыстау облысындағы үш жасар зағип баланың видеосы шетелдіктерді жылатты (ВИДЕО)
18.05.2026, 10:33
«Көсе Гөкер мырза, уақыт жетті!»: Нәлібаев Алматы әуежайының құрылысын сынап, жаңа басшысына шілдеге дейін ғана уақыт берді
18.05.2026, 10:47
«Оны алаяқтар қасақана өлтірді»: Астанада атақты жазушының немересі жұмбақ жағдайға көз жұмған – іс неге алға баспай отыр
18.05.2026, 17:14
Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» қашан кететіні белгілі болды
18.05.2026, 09:31
Жаңа вице-премьер жұмысын Алматы қаласын тексеруден бастады