$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2020, 19:03
Жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан сегіз адамнан коронавирус табылған

Оның біреуі Қарағанды қаласында көз жұмды

Қатерлі ісікке шалдыққан сегіз адамнан коронавирус табылған
Фото ашық дереккөзден

Қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандықтардың арасынан сегіз адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей эфирінде Онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова мәлім етті.

«Жалпы, онкология диспансерлерінің бәрі қазір бұрынғы режимде жұмыс істеп тұр. Науқастар кестеге сай ауруханаларға түсіп жатыр. Гормон терапиясын ғана үйден жасаймыз, ал операциялар бір күн де кешігіп жатқан жоқ. Қарағандыдағы онко-диспансерде бір адам көз жұмғанда ғана ішінара жапқан едік», - деді Қайдарова.

Оның айтуынша, ағзасы химиятерапиядан кейін қатты әлсірейтін науқастар үшін коронавирус онсыз да үлкен қауіп.

«Сондықтан, онкологиялық аурулары бар науқастар барынша оқшаулануы керек. Өкінішке қарай, сегіз науқастан коронавирус тіркелді. Әрбір жеті күн сайын диспансерлерде жатқан науқастардан анализ алып отырмыз», - деп түсіндірді Қайдарова.

Серіктес жаңалықтары