$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскемен әуежайында 157 млн теңге жымқырылды: заңсыз сыйақы мен жалған келісімдер арқылы ұрланған

Өскемен әуежайында басшылық ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Өскемен әуежайында 157 млн теңге жымқырылды: заңсыз сыйақы мен жалған келісімдер арқылы ұрланған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Өскемен әуежайы» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

5 жыл бойғы жүйелі қаржы жымқыру

Тергеу барысында акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен өзге де басшылары еңбекақыны негізсіз арттырып, жалған сыйақылар мен келісімшарттар арқылы жүйелі түрде қаржы жымқырғаны дәлелденді.

Жымқырылған ақша касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Мүлік сату мен жалға беру: Шындық бұрмаланған

  • Қоғамға тиесілі көліктер бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы бағасынан бірнеше есе арзан сомаға сенімді тұлғаларға сатылған.

  • Коммерциялық нысандар жеңілдетілген шарттармен жалға берілген:
    • Жалдау ақысы төмендетілген;
    • Жалға берілген нақты аумақтар азайтылып көрсетілген.

Мемлекетке келтірілген шығын – 157 млн теңге

Тергеу нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы залал 157 миллион теңгені құрады.

Мүлікке тыйым салынды, күдіктілер қамауға алынды

Сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтеріне, жер учаскесіне, 2 автокөлігіне, жалпы құны 126 млн теңге болатын мүлкіне тұтқындау түріндегі шектеу қойылды.

Күдіктілер қамауға алынды.

Қосымша ақпарат жария етілмейді

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер құпия сақталады.

Серіктес жаңалықтары