16.07.2025, 09:08
Жаңалықтар
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
Ол бұған дейін министрлікте департамент директоры лауазымын атқарды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Серікбайұлы Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласында «Алпроф» ЖШС-де программист болып бастады.
- 2009-2012 жылдары – «Казгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.
- 2012-2013 жылдары – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК «Мемжеркадастр ААЖ» жетекші маманы, басқарма бастығы.
- 2013-2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
- 2015-2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы.
- 2017-2018 жылдары – «Самұрык-Қазына» корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.
- 2018-2020 жылдары – «Қазгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.
- 2020-2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.
- 2022-2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.
- 2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды