$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент тұрғыны тікелей эфирде айтқан сөзі үшін сотталып кетті

Сотталушының кінәсі толық дәлелденді

Шымкент тұрғыны тікелей эфирде айтқан сөзі үшін сотталып кетті
Фото: pixabay

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлтаралық алауыздықты қоздырған

«Д. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (ұлтаралық алауыздықты қоздыруға және насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) бойынша айыпталды», - деп жазылған сот хабарламасында.

Сот  Д. 2025 жылдың сәуір айында өзінің үйінде онлайн-платформаны пайдалана отырып, «Ч...» әлеуметтік желісінде «стрим» тікелей эфиріне қатысып, ұлтаралық алауыздықты қоздыруға және насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағанын анықтады.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Кінәсін мойындады

Прокурор сотталушы Д.-ға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.

Д. кінәсін мойындап, өзіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза кесуді сұрады.

Сот қандай жаза кесті

Сот Д.-ның жасаған іс-әрекетіне өкініш білдіруін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

«Сот Д.-ны ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары