$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: үш адам, оның ішінде сәби көз жұмды

Олар оқиға орнында көз жұмды

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: үш адам, оның ішінде сәби көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысында 14 шілде күні таңертең ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында Shacman жүк көлігі мен ВАЗ-2110 жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан өртеніп жатқан екі көлікті көруге болады.

Үш адам оқиға орнында қаза тапты

Қостанай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы, оның ішінде 2023 жылы туған сәби оқиға орнында қаза тапқан.

Тергеу басталды, полиция сақтыққа шақырады

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жолдағы барлық қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, аса мұқият болуға және өз өмірі мен айналадағылардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары