14.07.2025, 14:47
Жаңалықтар
Түркістан облысында полицейлер Меккеге жол тартқан жолаушыға көмек көрсетті
Оқиға Шымкент – Самара трассасында болды
Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері Меккеге велосипедпен сапар шеккен Өзбекстан азаматына жол үстінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент – Самара трассасында тоқтатып, бағыт-бағдар көрсетті
Полиция аға лейтенанты Е.Қалыбаев пен полиция сержанты С.Кұрбанбаев Шымкент – Самара бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда патрульдеу кезінде жолаушының жағдайын сұрап, су ұсынып, дұрыс бағыт көрсетті.
Жолаушы алғыс білдіріп, сапарын жалғастырды
Сапар шегіп бара жатқан азамат қамқорлығы мен қолдауы үшін полицейлерге ризашылығын білдіріп, қажылық жолын әрі қарай жалғастырды.
Қолдау көрсету – полиция қызметінің бір бөлігі
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол үстіндегі қолдау мен көмек көрсету — полиция қызметінің ажырамас бөлігі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды