08.07.2025, 22:16
Жаңалықтар
Қазақстандық ауыратлет Азия чемпионатының рекордын жаңартты
Ол осы жетістігі арқылы Азия чемпионы атанды
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азия чемпионаты дәл қазір Астана қаласында өтіп жатыр. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымызға тең келер ешкім болған жоқ.
Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орынға өзбекстандық Руслан Рахматжонов орналасты - 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді - 334 (154+180) келі.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты