Екі облыста 46 градус ыстық болады: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 4 шілде, жұмаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты аптап ыстық болады, жел күшейіп, найзағай ойнайды, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбеде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстанда тұман түсіп, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл, жел соғады.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді, күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Ақтауда және Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай, Оралда күн күркіреп, бұршақ жауады, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жел соғады, 35 градусқа дейін ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл, жел соғады, 46 градусқа дейін қатты ыстық болады және төтенше өрт қаупі сақталады.
Көкшетау, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, шаңды дауыл соғып, жел күшейеді, 35 градусқа дейін ыстық болады және өрт қаупі жоғары.