$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Не қысқармайды, не өспейді»: Айгүл Иманбаева Ұлықпан Жолдасовты ұялтты (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әртістің қалжыңын жылы қабылдады

«Не қысқармайды, не өспейді»: Айгүл Иманбаева Ұлықпан Жолдасовты ұялтты (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында әнші Ұлықпан Жолдасовтың ешқашан қартаймайтынын айтып қалжыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

«Бұл жалғанда қартаймайтын бір адам бар. Ол – Ұлықпан Жолдасов. Не шашы түспейді, не әжім түспейді. Не бойы қысқармайды, не өспейді. Тек қана терлейді», - деді актриса әріптесін нұсқап.

Ұлықпан Жолдасов мұндай «қошеметті» күтпесе керек, дереу камераға қолын созып: «берші, телефонды, еййй, қасқа-аййй», - деп әріптестерін күлдірді.

Желі қолданушылары әртістің қалжыңын жылы қабылдады.

«Осы кісілер қартаймасын», «Арықтамайды, семірмейді де», «Сіз де мүлдем өзгермепсіз», «Айгүл де катырады екен», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, Айгүл Иманбаеваға тойда тыңдармандарының бірі қымбат сыйлық жасаған болатын. Әртіске көпбалалы ана ырымдап қолындағы бриллиант білезігін сыйға тартты.

«Мен 10 баланың анасы ретінде шын жүректен қолымдағы білезігімді тағайын. Бастысы ниет қой. 10 бала таппасаңыз да, 8 бала туыңыз. Немере, шөпшек көріңіз», - деді ол.

Осы сәттің видеосын әнші Instagram парақшасында жариялады. Өнер иесі тыңдарманының шынайы көңілі үшін алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары