$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астрологтар қандай жұлдызнама белгілеріне кредит алуға болмайтынын айтты

Егіздер, Таразы және Суқұйғыш белгілері мүмкіндігінше кредит алмауға тырысу керек

Астрологтар қандай жұлдызнама белгілеріне кредит алуға болмайтынын айтты
Фото: istockphoto.com

Қазіргі заманда көптеген адам әртүрлі несие өнімін пайдаланады, сонымен қатар қатты қажеттілік болмаса да достары мен таныстарынан қарызға ақша алуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Mixnews астрологтарының пікірінше, ең тұрақты белгілер –Тауешкі, Бикеш және Торпақ. Олар кредиттің қауіпті екенін түсінеді. Олар қаржылық жағдайын мұқият қадағалап, бәрін бақылауда ұстайды.

"Ал Тоқты, Арыстан және Мерген демалысқа немесе сән-салтанатқа ақша жұмсауға құмар болып келеді. Олар кредиттен қорықпайды, әдетте қаржылық міндеттемелерін орындайды және әрқашан өз қаражатын бақылай алады", - деп жазды басылым.

Шаян, Сарышаян және Балықтар кредитке сақтықпен қарайды. Дегенмен бұл белгілер өте эмоционалды болып келеді, олар өз қалауын қалайда орындайды, «бұлай істеме» деп ешкім тоқтата алмайды. Сондықтан банк қызметкерінің айтқанына оңай көнеді. Эмоцияны қадағалау маңызды: жүрек жалғап алып, серуенге шығыңыз, содан кейін ғана маңызды шешімдер қабылдаңыз.

"Егіздер, Таразы және Суқұйғыш белгілері үшін кредит өте қауіпті. Мүмкіндігінше алмауға тырысу керек. Олар барлығын көріп-білгісі келеді, барлық жерге барады және көп зат сатып алады. Мұндай адамдардың кредитке едәуір байсалды қарауы ғажап емес", - дейді мамандар.

Сондықтан олар бірден және бәрін алғысы келетін жүгенсіз қалауын бақылауды үйренуі керек. Олар ерік-жігер мен тәртіпке мойынсұнуды үйрену керек, «осы зат шынымен қажет пе?» деп үнемі өзіне сұрақ қойып отыру керек.

Серіктес жаңалықтары