$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бүгін ерекше сәт болды»: Айгүл Иманбаева күтпеген жерден қымбат сыйлық алды (ВИДЕО)

Әншіге 10 баланың анасы бриллиант білезік тақты  

«Бүгін ерекше сәт болды»: Айгүл Иманбаева күтпеген жерден қымбат сыйлық алды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Әнші, актриса Айгүл Иманбаеваға тойда тыңдармандарының бірі қымбат сыйлық жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«8 бала табыңыз»

Әртіске көпбалалы ана ырымдап қолындағы бриллиант білезігін сыйға тартты.

«Құрметті Айгүл ханым, бүгін сізді тойда көріп қуанып жатырмыз. Жақында сізді тұрмысқа шықты деп естідік. Шын жүректен қуандық. Жақсы көретін тыңдарманыңыз боламын. Сізді 21 млн халықтың барлығы жақсы көреді. Мен 10 баланың анасы ретінде шын жүректен қолымдағы білезігімді тағайын. Бастысы ниет қой. 10 бала таппасаңыз да, 8 бала туыңыз. Немере, шөпшек көріңіз», - деді ол.

Осы сәттің видеосын әнші Instagram парақшасында жариялады.

Өнер иесі тыңдарманының шынайы көңілі үшін алғысын білдірді.

«Бүгін ерекше сәт болды – бір көрерменім жақсы көретінін айтып, құрметін білдіріп, қолыма әдемі білезік салды. Осындай шынайы көңіл мен жылулық үшін алғысым шексіз! Қадірменді менің сүйікті көрерменім, сіздерге алғысым шексіз – мен бәріңізді жақсы көремін!», - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Айгүл Иманбаева қайда жүр

Айгүл Иманбаева бұған дейін соңғы уақытта сахна мен театрдан неліктен көрінбей кеткенін түсіндірген болатын.

«Өнерден толық кеттім деп айта алмаймын. Қазір фокусым – басқа дүниеде, уақыты келгенде бөлісетін боламын», – деп атап өтті ол.

Актриса қазіргі сахнаны жастар жағы жаулап алғанын айтып, оларға жол беру керек деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары