$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жастармен жағаласып қайтемін»: Айгүл Иманбаева қазір не істеп жүргенін айтты

Актриса «Өнерден неге алыстап кеттіңіз?» деген сұраққа жауап берді

«Жастармен жағаласып қайтемін»: Айгүл Иманбаева қазір не істеп жүргенін айтты
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева соңғы уақытта сахна мен театрдан көрінбей кеткеніне қатысты пікір білдіріп, жан сырын ашық айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қайда жүрсіз, Айгүл?»: көпшіліктің сұрағына жауап

Актрисаның айтуынша, оған соңғы кездері жанкүйерлерден «қайдасыз, неге көрінбей кеттіңіз?» деген сауалдар жиі қойыла бастаған.

«Соңғы кезде бәріңіз: «Қайда жүрсіз, Айгүл?» деп сұрай бересіздер. Мен шынымен де біраз уақыт өнер сахнасынан алыстап кеттім. Бірақ оның себебі – өнерден түңілу емес, өмірімнің бағыты басқа арнаға ауысты»,– дейді Айгүл Иманбаева.

«Фокусым басқа дүниеде»

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, ол өнерден түбегейлі кетпеген. Дегенмен қазіргі сәтте оның назарын басқа бағыттар аударып жатыр.

 «Өнерден толық кеттім деп айта алмаймын. Қазір фокусым – басқа дүниеде, уақыты келгенде бөлісетін боламын», – деп қысқа қайырды ол.

«Жастармен жағаласып қайтемін»

Актриса қазіргі сахнаны жастар жағы жаулап алғанын айтып, оларға жол беру керек деп есептейді.

«Қазір сахнада, театрда жас әншілер мен актрисалар жетерлік. Мен оларға бәсекелес болғым келмейді. Жастармен жағаласып қайтемін?»– дейді Иманбаева.

Сонымен қатар ол өз аудиториясының бар екенін, жанкүйерлері әрдайым қолдап жүретінін айтып, өнерден алыстамайтынын жеткізді.

Контекст

Естеріңізге сала кетсек, танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасына жолдасымен бірге түскен суретін жүктеп, оған арналған лирикалық жазбасымен ел назарын аудартты. Жалпы, Айгүл Иманбаеваның отбасылық өмірі мен шығармашылық жаңалықтары бұған дейін де желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп жүрген болатын. Мысалы, Макияжсыз дүкен аралаған актриса Айгүл Иманбаеваны халық танымай қалған. Ал одан бұрын ол жүкті екенін мойындады. Сонымен қатар адамның дамуы үшін қажетті деп санаған үш түрлі кеңесін жұртқа жеткізді. Баян Алагөзова әнші Айгүл Иманбаеваны шоу-бизнесте атын шығару үшін қандай әрекеттерге барғанын айтып, еске алды. Ал одан бұрын Айгүл Иманбаева Ақботаның тойында алған сыйлықтарымен мақтанды. Оған дейін оның күйеуімен бірге түскен видеосы жұртты ұялтты.

Серіктес жаңалықтары