«Сені ешкімге бермеймін»: Айгүл Иманбаева жұбайына әсерлі жазба арнады
Белгілі әнші әлеуметтік желіде сезімге толы жазбасын бөлісті

Қазақстандық танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасына жолдасымен бірге түскен суретін жүктеп, оған арналған лирикалық жазбасымен ел назарын аудартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сені ешкімге бермеймін! Сұрамасын! Сұрамасын, жанымның мұнарасын! Маған сені Тәңірдің өзі берген, Пейіште періштелер жылағасын!», – деп жазды ол.
Бұл жазба бірден жұртшылықтың ықыласына ие болып, мыңдаған лайк пен пікір жинады. Жанкүйерлері өнер иесіне бақыт пен махаббат тіледі.
Жұрт не деп жатыр?
Айгүл Иманбаеваның бұл жазбасы желіде қызу талқылануда. Оқырмандар:
- «Нағыз әйелдің махаббаты»,
- «Жүректен шыққан сөз»,
- «Осындай жұптар көп болсын» – деген пікірлер қалдырды.
Контекст
Айгүл Иманбаеваның отбасылық өмірі мен шығармашылық жаңалықтары бұған дейін де желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп жүрген болатын. Мысалы, Макияжсыз дүкен аралаған актриса Айгүл Иманбаеваны халық танымай қалған. Ал одан бұрын ол жүкті екенін мойындады. Сонымен қатар адамның дамуы үшін қажетті деп санаған үш түрлі кеңесін жұртқа жеткізді. Баян Алагөзова әнші Айгүл Иманбаеваны шоу-бизнесте атын шығару үшін қандай әрекеттерге барғанын айтып, еске алды. Ал одан бұрын Айгүл Иманбаева Ақботаның тойында алған сыйлықтарымен мақтанды. Оған дейін оның күйеуімен бірге түскен видеосы жұртты ұялтты.