Макияжсыз жүрген Айгүл Иманбаеваны халық танымады (ВИДЕО)

Макияжсыз дүкен аралаған актриса Айгүл Иманбаеваны халық танымай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы әртіс Instagram-дағы парақшасында айтты.
«Айгүл Иманбаеваға қатты ұқсайсыз дейді. Дауысыңыз да, түріңіз де, күлкіңіз де Айгүл Иманбаеваға ұқсайды екен. Ой, Алла-ай, осылай да адамдар ұқсайды екен ғой. «Сіз емес шығарсыз?» деп жатыр оқырмандар», - деп жазды Айгүл Иманбаева.
Сондай-ақ ол оқырмандарына «өнердегі жандар 24/7 боянып жүруі керек пе, әлде сахнадан тыс уақытта табиғи жүргені дұрыс па?» деген сауал тастады.
«Шындықты айтсайшы енді, қуанып калсын», «Боянып қайтып барыңызшы, қызық болсын», Шынымен Айгүлге қатты ұқсайсыз», «Макияж жасамаса да әдемі екенсіз», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, жақында танымал әнші жеке өмірі туралы сыр шерткен болатын. Ол тыңдармандарының бірінің сұрағын жауапсыз қалдырмай, жүкті екенін мойындады.
«Иә. Жақында өмірге бір бөпе келеді. Айтамын. Уақыт аз қалды. Өте-өте жуық арада», - деп жауап берді әнші.