Жаңбыр, аптап ыстық: 5 маусымда ауа райы қандай болады
Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр

5 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қазақстанның солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі.
Қалалар бойынша ауа райы болжамы
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 градус жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус нөлден жоғары.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 33-35 градус ыстық.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 4-9 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 33-35 градус ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 37-39 градус ыстық.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус, күндіз 38-40 градус аптап ыстық.
Оралда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 23-25 градус жылы.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 31-33 градус ыстық.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 30-32 градус ыстық.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары.
Петропавлда бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.
Павлодарда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 23-25 градус жылы.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады – 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус нөлден жоғары.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус ыстық.
Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 7-12, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус ыстық.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 36-38 градус ыстық.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус ыстық.